Еліміздің рәміздері » Панфилов ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Панфилов атындағы №33 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Еліміздің рәміздері
14
февраль
2017

Еліміздің рәміздері

Еліміздің рәміздері
 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде "көк" сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Жаңа ту қалай жасалды? Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің жылдық мерекесіне орай ұлттық нышанымыз- Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков былай деді: «Мемлекеттік туға арналған байқауға 600-ден астам жоба түсті. Іріктеуден өткен ең соңғы 4 жоба комиссияның шешімімен Жоғарғы кеңестің талқысына ұсынылды.Байқаудың аяқталуына 3 күн қалғанда жаңа ту жобасын жасауға кірістім. Себебі, алдыңғы жасаған жобаларыма көңілім толмаған-ды. Сонымен, соңғы жасаған жоба жұртшылықтың көңілінен шығып, мемлекетіміздің төл туына айналды.
Тудың түсі көк болуы – бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары сан тарапқа, ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен, аспан ешқашан бөлінбек емес. Ал, күнге келер болсақ, ол да жапанға ортақ нәрсе. Күн жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Қазақ халқы қашан да қыранды қасиетті, киелі құсқа балаған. Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биікте, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған дүние бұл. Оған қоса туда қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Қазақстан туы халықаралық жиындар мен бас қосуларда, Республика президентінің шет елге шыққан сапарында, сонымен қатар биылғы Лондан қаласында өткен 30-шы жазғы олимпиада да еліміздің туы жеті мәрте көтерілгенде әр қазақстандықтың бойында «біздің қазақ халқының туы» деген мақтаныш сезім билегені айдан анық.


Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен елбасы назары Жандарбек Мәлібекұлы мен Шотаман Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Тәуелсіздігіміздің төл белгісі көп ұзамай қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты. Елге ұнаған елтаңба дүниеге қалай келді? Елтаңба авторларының бірі Ж. Мәлібекұлы былай дейді. 
«Елтаңба осы қалпында ойға келе қойған жоқ. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген сөз бар. Осы үш ауыз сөз негізге алынды. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылып тұруы тиіс. Бастапқыда «Шаңырақ қазаққа тән емес» деген сыңаржақ пікірлер де болды.Сонда «Ау, Абай да, Абылай да сол шаңырақтың астында дүниеге келген жоқ па?» деген сөз айтуға тура келді. Әр халық өзі қасиетті санайтын жан-жануарды Мемлекеттік нышан деген жайы бар. Аңыздардан арқау тартқан пырақ бейнесіне де қарсы келгендер болмай қалған жоқ. Біле білсек, жылқы да өз кезегінде өркениеттің дамуына ықпал еткен ғой. Осы ретте жиынтық образ керек болды. Қанатты пыраққа тоқталуымның басты себебі сол. Босағаны берік ету үшін 7 буыннан тұратын мүйіз таңдалды.7 буын бір жағынан қазақтың «Жеті атасын білмеген жетесіз» дегенін аңғарту. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады. Әу баста елтаңбаның қақ ортасына жарты ай мен шағын 3 жұлдыз бар еді. Талқыға салған кезде бес бұрышты жұлдызға тоқтады. Конкурсқа жіберілген нұсқасынан ілікпей қалғаны осы жарты ай мен шағын 3 жұлдыз ғана. Қалғанының бәрі талқыдан өтті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. Мәжіліс және Сенат депутаттарына жолдаған хатында Елбасымыз Н.Ә Назарбаев өз хатында: «Тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған қазіргі қолданыс -тағы Қазақстан Республика- сының Мемлекеттік әнұраны осы жылдар ішінде барлық қазақстандықтардың жүрегінде жатталып қалды деу қиын. Еліміздің қай түкпіріне барсам да, кәрі де, жас та әнұрандық мәртебесі болмаса да, аса көрнекті композиторымыз Шәмші Қалдаяқов пен талантты ақынымыз Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған «Менің Қазақстанымды» әнұран есебінде шырқағанының талай рет куәсі болдым. Осы уақытқа дейін бейресми әнұран қызметін атқарып келген бұл әнге ресми мәртебе беретін күн жетті деп есептеймін. Осы орай да ән мәтініне қатысты өз пікірімді ортаға салмақпын. Мәтінді әнұран ретінде қабылдау үшін оған бірқатар өзгерістер енгізу керек деп есептеймін. Біріншіден, әнұранда ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілуі тиіс. Екіншіден, мәтінде сол ата-бабалардан қалған асыл мұрамыз-жеріміздң кең-байтақтығы орын алуы керек. Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыз- дың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқаны жөн. Ең бастысы, біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі- ел бірлігі баса көрсетілуі керек»- деп болашақ әнұран мәтініне енген өз жобасын көрсетті.
Осыдан кейін жобаны талқылау кезінде, депутаттар ұсынысымен парламент әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н. Назарбаев екенін айғақтайтын шешім қабылдады. «Менің Қазақстаным» әні жарты ғасыр бойы елмен бірге жасап, елмен бірге мұңайып, елмен бірге қуанып келеді. Әр шаңырақтың, ел шаттығының жалауына айналды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Похожие публикации:

14 февраль 2017 Ата аналар ережесі
14 февраль 2017 Оқушылар ережесі
13 февраль 2017 мектеп тарихы
12 февраль 2017 тыл ардагерлері
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Andrewmor
6 апреля 2021 20:03
займ лайм

---

бабло побержает зло

---

шары купить москва

---

тут шарики для всех

---

купить семена огурцов по почте

---

мой коммент информативен

---

госуслуги вход в личный кабинет по снилс уже зарегистрирован

---

как пользовать сайтом

---

фольгированный шар трактор

---

просто блсек

активатор windows 7 максимальная
EmilioEquak
29 мая 2021 23:10
композиции из шаров на день рождения

----

Я буду краток и понятен

----


Вывод денег с Slots City

----

Сколько нужно, все бери

----


микрозайм