Алғашқы қоңырау мерекесі » Панфилов ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Панфилов атындағы №33 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алғашқы қоңырау мерекесі
02
сентябрь
2023

Алғашқы қоңырау мерекесі

                        МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМДІЛІК МЕКЕНІ

И.Панфилов атындағы №33 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 
2023-2024 оқу жылының 1 қыркүйек-Білім күніне арналған «Мектебім-мейірімділік мекені» атты салтанатты жиын болып өтті. 
Салтанатты шарада мектеп директоры Маханбетова Гүлайым Тасболатқызы барлық ұстаздар қауымын және мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушыларын 
1 қыркүйек- Білім күнімен, дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сонымен қатар арнайы салтанатты жиынның қонақтарына Бірлік а/о әкімі Кенжеев Сәкен, аға леитенант Бөрібеков Болат, Бірлік а/о ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынбеков Нұржан, Табысты ауылының биі Балтақараев Қалмомын, 
ата-аналар комитетінің төрағасы Асанов Бекжігіт, қамқоршылық кеңестің төрағасы Шынтаев Ақжігіт мырзаларға құттықтау сөз берілді. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған, жаңа өмірге қадам жасаған жас бүлдіршіндер үшін ерекше күн болды. Балғын балалықпен қош айтысып,  мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер салтанатты жиын барысында ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті. Мерекелік жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. Салтанатты жиынның соңы бірыңғай  «Мектебім-мейірімділік мекені» тақырыбында республикалық сынып сағаттарына ұласты.







Похожие публикации:

14 февраль 2017 Ата аналар ережесі
13 февраль 2017 мектеп тарихы
11 февраль 2017 әкімшілік
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив